Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдар өз-өзін ұстап берген

0
3 120

Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады.


Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдар өз-өзін ұстап берген

ERNUR.KZ. Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz.

Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған.

Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Медеу ауданының полиция бөлімінің бастығы Болат Тотыбаев.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция төтенше жағдайлар мен карантин режимін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.