Онлайн концерт кешкі сағат 21:00-де басталады.
ERNUR.KZ. Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Қазақстан жұртшылығы Ардақ Балажанова мен Клара Төленбаеваның онлайн концертін тамашалай алады, деп жазады ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, «таңғы жаттығу» жоба аясында бүгін қазақстандықтар Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мадина Бақбергеновамен бірге таңғы сағат 08:00-де жаттығу жасады. Ал «Халық қазынасы: бір туынды тарихы» жобасы аясында сағат 8-30-да халықаралық және республикалық байқаулардың лаураты Асылбек Кенегесов «Серпінші, елім» авторлық күйінің, сағат 16:30-да Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева Біржан салдың «Жонып алды» әнінің, сағат 22:00-де ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы Байсеркенің «Көш тоқтатқан» күйінің шығу тарихы жайында ой қозғайды. Сағат 13:00-де ҚР Халық әртісі Гүлжан Түткібаева балет әртістеріне арналған классикалық би сабағын өткізсе, сағат 14-00-де Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Аманжол Хасенов бәйге аттары туралы, ал 17-00-де ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары Лаура Ерекешева «Ежелгі Орталық Азия өнеріндегі солярлық, ай және астральды белгілер мен символизм» тақырыбында онлайн дәріс оқиды.
Мұнан бөлек, сағат 18-00-де бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левитпен онлайн сұхбат болады. Ал «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында кешкі сағат 21:00-де Ардақ Балажанова мен Клара Төленбаеваның онлайн концертін тамашалай аласыздар.