"Қасында шакалдар жүр": Динара Әлжан Қайрат Нұртастың анасына жауап берді

0
1 794

​"Болат Назарбаевтың тоқалы болдым" деген әнші Динара Әлжан, сол сұқбаттан кейін танымалдылығы артып, өзі де белсенді бола бастаған.


Ол тағы да отандық бағдарламалардың біріне сұқбат беріп, онда Гүлзира Айдарбекованың сөзіне жауап берді. Естеріңізде болса "Қайрат Нұртасқа казинода көмектестім" деген Динара Әлжанға әншінің анасы "400 мың доллар дегенді ойдан құраған" деп жауап берген еді.

Журналистің "Сіздің айтқандарыңызды анасы жоққа шығарды" деген сөзіне "Қайратқа да, анасына да ешқандай өкпем жоқ. Өйткені Қайрошпен кезінде араластым, сыйлаймын, қанша қиыншылықтан өтті. Анасы да қанша қиыншылықтан өтті, мен де анамын, түсінемін.

Мен сөзімде Қайратты балағаттап, жамандамадым. Қалай болды, солай айттым, кірмесе екен дедім. Тем более Қайратты пайдаланып жүр, оның пайдаланып жүрген адамдар ол қиналған кезде қайдасыңдар, шакал боп жүрсіңдер, көмектеспейсіңдер ме?" дедім.



Оның бұл сұқбатын көрген желі оқырмандары оны сынға алып, тіпті журналисті де "Осындай берекетсіз әңгімеге неге құмармыз? Мына Динараны шақырып,пәтуәсіз әңгіме сұрап отырған журналистерде деңгейінің төмен, от басы-ошақ қасында жүрген біреу екенін көрсетті" деп сөккен.