Жасырын тойхана алдында бірнеше комбайн да тұр.
иллюстрациялық фото
Соңғы уақытта елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны күн сайын артып бара жатқаны белгілі. Мұның барлығы карантин талаптарын сақтамаудан деп шырылдаған дәрігерлерді көпшілік әлі де тыңдамауда. Соның тағы бір дәлелі - әлеуметтік желіде тараған мына видео.
Кадрда қойма секілді бір жерде 100 шақты адамға арналған тойға дайындық барысын көруге болады. Онда қойма ішіне үстелдер жасалып, баннер қойылып, шар ілініп тойханадағы секілді безендірілген.
Елімізде пандемия салдарынан көпшілік жинауға рұқсат жоқ болғандықтан, той жасырын өтіп жатқанға ұқсайды. Үлкен қойма секілді ғимарат алдында бірнеше комбайн сияқты техникаларды да байқауға болады.
Әзірге видеоның еліміздің нақты қай өңірінде және қашан түсірілгені белгісіз.