«Кесене маңына жын-ойнақ керек емес!»: Түркістанда халық наразылығынан «91» тобы мен Shiza-ның концерті өтпейді

0
2 859

«Қасиетті жерге қасиетсіздік дәнін себуге болмайды!»


«Кесене маңына жын-ойнақ керек емес!»: Түркістанда халық наразылығынан «91» тобы мен Shiza-ның концерті өтпейді

«Ирина Кайратовна» мен Shiza-ның «сұмдығынан» соң қоғам белсенділері Ninety One (28 мамыр) және Shiza (4 маусым) Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланған концерттерін өткізуге түбегейлі қарсы шықты.

«Қасиетті жерге қасиетсіздік дәнін себуге болмайды!» дейді танымал композитор Жарылқасын Дәулет.

– Қасиетті Түркістан қаласына келіп, ата бабамыздың салт- дәстүріне қарсы жүретін, парасатты қазақ дәстүрін аяқасты ететін 91 тобы "Керуенсарайда" концерт қоймашы.

Қожа Ахмет Ясауи туған, Әл Фараби өскен, Ақсақ Темір аялаған, Түркідүниесінің бесігі атанған Қасиетті Түркістанға мұндай топты әкелуге кім мұқтаж болды екен?

Мен сазгер ретінде жастардың жандүиесін азғыратын концертке түбегейлі қарсымын.

Қасиетті Түркістан топырағында қасиетті домбыра мен қобыздың үні естіліп, Түркістан сахнасы қасиетті сахна болып қалуы тиіс!

Мен түркідүниесінің астанасы Түркістанды басқаша елестете алмаймын!

Облыс, қала әкімдері! Ұлы қазақ елінің қасиетті хандары мен билері, батырлары жатқан қасиетті жердің имиджін қалыптастырып, қорғау сіздердің қасиетті парыздарыңыз деп білемін! - деп Ж.Дәулет жазды.

«Мынадан кейін Түркістанға концертке шақырып, Кесене маңын ластайсыңдар ма тағы? Айтқанның аузы жаман... Міне, біздің идеология. 4-маусым Шизаның концерті өтпесін! Жақында келетін 91 тобы бұлардан артық емес! Түркістанға мынадай жын-ойнақ керек емес!!!» - деп жазды тағы Сұлтанбай Әшірбай есімді желі қолданушысы.

Желідегілер, қоғам белсенділері ҚР рәміздерінің 30 жылдығында, Рәміздер күні қарсаңында, референдумның алдында, мемлекетіміз жауапты саяси науқанның алдында тұрғанда мынадай масқараға жол берген Түркістан қалалық әкімдігі мен шенеуніктері, басшыларына шүйлікті.

Өз кезегінде Түркістан әкімдігі Ninety One (28 мамыр) және Shiza (4 маусым) концерті өтпейтіндігін, әншілермен келісім бұзылғанын хабарлады.