​«Көкірегіме екі мәрте имплант қойып, үлкейттім»: Блогер супер Мамасита зәулім үйі, отбасы, табысы жайлы айтты

0
1 857

«Бір айдағы шығынымыз – 10 миллион»


​«Көкірегіме екі мәрте имплант қойып, үлкейттім»: Блогер супер Мамасита зәулім үйі, отбасы, табысы жайлы айтты

Әлеуметтік желіде супер Мамасита деп танылған атақты блогер Әлия Байтуғаева «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында көкірегін үлкейту үшін имплант салдырғанын айтып берді.


«Жеті жыл бұрын мен белгілі хирургтың маммопластикасын жеңіп алдым. Хирургтың кеңесі бойынша маған 400 мл, дөңгелек, үлкен импланттар орнатылды. Ол деген сөз, әр көкірегіңде жарты литірлік кола сияқты. Д деген өлшемдегі имплант еді.


Бастапқыда шағымым болмады. Бірақ уақыт өте ол салбырады, салмағы өте ауыр болғасын көтеріп жүру ыңғайсыздық туғызды. Соның кесірінен омыртқам, мойным ауыратын болды. Содан ұзақ ойланып, ақырында ескі импланттарды алып тастап, өзіме жайлы, жаңасын, кішкентайын қоюға бел будым.


Менің көкірегім мүлдем жоқ, соның кесірінен қатты қысылатынмын, көйлек жараспай, ол менің көңіл-күйіме қатты әсер ететін. Отадан кейін жоғалғаным табылғандай қуандым. Өзіме көңілім толып, біраз жыл жап-жақсы жүрдім. Бірақ мәңгілік ештеңе жоқ, басқасына ауыстыруға тура келді. Алты айға дейін ыстық моншаға түсуге, тауға шығуға, ауыр зат көтеруге, спортпен айналысуға болмайды» деді блогер.


Әлия Байтуғаева зәулім үйін, бренд киім-кешегін көрсетіп, айына қанша табыс табатынын айтып берді.


«Осы үйдің керек-жарағын түгелдеп, балаларымызды асырап бағып, өзіміздің қалағанымызды алу үшін айына орта есеппен 10 миллиондай ақша керек. Бұрын мен «Әлия, өл-тіріл, айына мынанша табу керексің» деп өзіме шарт қойып, соған жету үшін тірнектеп тірлік қылатынмын. Қазір ондай «планка» жоқ, жиған-тергенім бар, айына қанша бұйырады, сонша ақша келіп жатыр. Жұмысымды рахаттанып істеймін, ал рахаттанып істеген жұмысың міндетті түрде жақсы табыс әкеледі» деді Супер Мамасита.