"Әкесіз өспедім ғой, Аллаға шүкір!"- дейді әнші.
Өткен аптада әнші Нұрболат Абдуллиннің әкесі өмірден өткен еді. Оған әншінің әріптестері мен жанкүйерлері бірдей қайғырып, әншіге сабыр тілеп, қолдау білдірді.
Ал кеше 3 сәуір Нұрболат Абдуллиннің туған күні болатын. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына әкесінің өзіне жолдаған соңғы құттықтауын жариялап, жүрек тебірентер сөздерін жазды.
Нұрболат Абдуллин: "Әкесіз өспедім ғой, Аллаға шүкір!
Бала боп еркеледім,мейірімін сезіндім, ақылын берді, еңбекке баулыды. Ұлын ұяға,қызын қияға қондырды. Тамаша Ана тауып бердіңіз, рахмет Әке.
Жұбану қиын болғанымен, Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой.
Сіз туралы арманым көп еді “әттең-ай!”
Отызыңда дүниеге келген кенже ұлың бүгін 30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін, Қош Әке!"
Әншінің жазбасымен видеодағы әкесінің құттықтауын естіген желі оқырмандарының көңілі босап, өз сезімдерін тоқтаусыз жазуда.
Олардың қатарында өнердегі достары Ерке Есмахан, Ернар Айдар, Айгүл Елшібаева, Мәдина Сәдуақасова, Серік Ибрагимов, Жанболат пен Жазира бар.