Оны көпшілік бірінші әйелін тастап кеткені үшін кінәлап, соның жазасы депті.
Бір кездері телеарнадан түспеген "Нұрлан мен Мұрат" дуэтін қазір жиі көрмейміз. Олардың әндерінен бұрын, тағдырлары жиі ауызға алынатына жасырын емес.
Жақында ғана Мұрат Қожа отандық телеарнаға сұқбат беріп, өзінің өміріндегі кей кездерді еске алған.
“Алла сүйікті құлдарын сынайды дейді ғой. Кейде “Алланың назарында жүрмін ғой” деп жұбататын кездерім болды. Аурулар болады, оны жеңе алмайтыныңды түсінесің. Мен түсініксіз аурумен ауырдым. Аяқ-қолым істемейді, диагнозы жоқ. Алматы, Астанадағы барлық дәрігерді араладық, диагнозын ешкім білмейді. Ақыры сырқатымды Аллаға табыстап, берілгендей болдым. Ол карантиннің кезі, имамдарға видеомен хабарласып, дұға оқып, дем салуларын сұрадым. Маған берілген үлкен сынақ екенін түсіндім, Аллаға жалбарындым. Өз қолыңмен ештеңе ұстай алмай, аяғыңмен жүре алмау өте қиын екен. Емі де Алладан болды, ештеңе айта алмаймын" дейді әнші.
Мұны көрген желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Олардың бірі - әншіге амандық тілеп, өзін күтуге кеңес берсе, екінші тарап - сынай қараған. Олардың ойынша, әншінің ауруға шалдығуы бұрынғы отбасының көз жасының әсері. "Ренжімеңіз. Алланың сізге берген ескертуі.Көз жасқа қалма деген", "Қыздарының көз жасы жібермейді", "Бауырым бір әйелді тастап кеттің... Бір әйелге тәуелді болдың" деген пікірлерді көптеп жазған.