Көпшілік өнер иесін "ішіп алған" деп топшылауда.
"Өткен апта Ақтаудың көшесінде Арыстан жүріп еді, осы апта супермаркетте Жолбарыс(Сейфуллин) жүр..Жыртқыштар-ай!", - деп жазады желі қолданушылардың бірі.
Бұл күні кеше Алматының бір дүкенін басына көтеріп, сатушы жігітті балағаттап, аузына келгенін айтып, бүкіл әлеуметтік желілерде хит болған қазақстандық әнші Сейфуллин Жолбарыстың видеосына қатысты айтылса керек. Дүкен жұмысшыларының бірі осы бір жайсыз жағдайды видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілердің «хитына» айналдырып жіберген.
Видео әншінің «Давай, қазір келем, на х...! Ох ты, бл...ть!.. Ей, ты что, бл...т?!» - деп дауыс көтеріп, балағат сөздер айтуынан басталған. Әрі қарай ашуға булыққан өнер иесі сатушыны «айтуға ауыз ұялатын» сөздерімен үсті-үстіне бастырмалатып, төбелесуге дейін барған. Өзінің Сейфуллин Жолбарыс екенін айтып, сатушы қыздан танитын, танымайтынын сұраған. Кадрда әншінің бет-жүзі толықтай көрсетілген. Әзірге өнер иесінің мұны хайп үшін немесе шын істегені белгісіз. Қалай болғанда да әнші осы қылығы үшін халықтан оңбай сөз естіп, сынның астында қалды.
"Әншілердің заманы кетті-ау осы!", "Ел-жұрт еркелетіп, алақанына салып, басына көтеретін әншілер осындай қыңыр қылық жасап жатса, басқаларға не жорық? Маскасы шешіліп қалды-ау жарықтықтың. Мұндайларды сахнаға мүлдем жолатпау керек сияқты!", "Көтере алмасаң ішпесей айналайын. Позор саған! Құдай сияқты жүрсің ғой!", "Сейфулин дезинфекцияны мөлшерден көп жасаған сияқты. Тойды жапқан дүкеншілер емес қой. Неге тиіседі?", "Ұят ай, ұят, той жоқ, концерт жоқ,басқа не істесін.. " - дейді әлеуметтік желі қолданушылары.