Күйеуінің үстіне шыққанын желіге жариялаған қазақстандық танымал әнші сынның астында қалды (видео)

0
15 030

Оқырмандар видеоның көпшілікке көрсетуге ұят екенін алға тартты.


Күйеуінің үстіне шыққанын желіге жариялаған қазақстандық танымал әнші сынның астында қалды (видео)

Елімізге танымал актер, жүргізуші Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованың біраз уақыт алдын желіге салған видеосын ana_bahyty "Керемет жанұя" - деп өз парақшаларына жүктеген. Алайда видеодағы өнер иелерінің іс-әрекетін ерсі санаған желі қолданушылары танымал жұпты сынның астына алған.


айының арқасына мінгені үшін ,"керемет жанұя болып тұр ма", "Ұят қой мына істеп жаткандарың, канша жерден махаббаттарың асып бара жатса да", "Қазағым не болып жатыр, қайда кетіп бара жатырмыз. Мына екеуі жақсы жұп еді ғой, не болды елге масқара болып", "Енді бұлай дұрыс емес шығар, ер кісінің үстіне отырып елдің алдына шығу күйеуі болса да", "Бір түрлі көрінеді екен бір қарағанда, Сосын көзің үйреніп қалады екен", "Көзге жаман көрінеді екен", "Қарап тұрған ерге тана барып артылар деген осы ғой, ақыр заманның белгісі сиыр пұл болар, қатын би болар деген Мөңке би о тоба!" деп жазады желі қолданушылары.

Алайда, оқырмандар арасында өнер иелерінің бұл әрекетін заманына сай деген пікір жазғандар де табылды.

"Әдемі, несі ерсі, заманына қарай барлығы. Шетел істесе жарасады, бізге болмайма сонда?" дейді оқырмандардың бірі.

ERNUR.KZ