Оны оқырмандары «Жанерке, бақытты болуыңды тілеймін! Алайда мына видеоға жол болсын? Осыдан барлығы жасанды екенін білдіресің! Кімді алдайсың? Халықты ма, әлде өзіңді ме?» деп кінәлады.
Жақында «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Жанеркенің ұзатылғанын осыған дейін хабарлаған болатынбыз.
Өзінің өміріндегі қызықтарды күн сайын инстаграм парақшасында бөлісіп отыратын Жанерке бүгін өзіне әріптес құрбылары тон сыйлап жатқан видеосын жүктеді.
Видеоға ол: «Өздеріңдей қайырымды, мейірімді, әрдайым жанашыр болып тұратын әріптестер тапқаныма қуаныштымын! "Бірлік бар жерде тірлік бар", Ынтымағымыз арта берсін!
Осындай құнды сыйларыңа көп раxмет, тойдан қайтсын!»,- деп жазба қалдырды.
Мұны көрген желі оқырмандары осындай видеоларды салудың керегі жоқ екенін айтып, «Шәй құйып жатсада салады, қонақ күтіп жатса да салады, құда тойында салады. Қандай келін болдың? «Инстаграм келін» деп жатқан шығар ата-енең?», «Бергеннен соң ұзындау, әдемісін таңдап беру керек еді. Ананы жапқанда мен ұялып кеттім» деген ауандағы пікірлерін жаңбырша жаудыруда.
Фото-видео: elshinzhanerke