«Қызыл жіп ешнәрсеге көмектеспейді»: Блогер Супермамаситаны сынға алды

0
1 983

«Қасқырдың тұяғы, мысықтың тасағы, жасыл нәски, қызыл шүберек бақытыңа әсер етпейді»


«Қызыл жіп ешнәрсеге көмектеспейді»: Блогер Супермамаситаны сынға алды

Журналист, блогер Өркен Кенжебек Супермамаситаны сынға алды. Ол қызыл жіп сатып, елді бақытты етемін деп жүрген блогер Әлия Байтұғаеваның әрекетін Алла алдында үлкен күнә деп есептейді.


Блогердің қасиетті жерлерді аралап, бойына жақсы энергия жинаған жібін сатып алуға қазірдің өзінде 77 мың адам ниет білдірген. Құны 4500 теңге болатын жіп бала көтеруге, қызметте өсуге көмектеседі-міс.

"7 миллиондай оқырманы бар әйгілі қазақ блогері, ана, әйел қателессе, о дүниеге сенсе де, сенбесе де өзі жауап берер. Бірақ оның артынан 77 мың адамның қателесуіне себеп болу... Өйткені осыншама адам жіптен медет сұрап, оны 4500 теңгеге сатып алуға дайын отыр. Бұл енді қоғамдағы рухани, имани ахуалымыздың қаншалықты дәрежеде екенін көрсетті. Қызыл жіп еш нәрсеге көмектеспейді. Адаспаңыздар!" - деді журналист, блогер Өркен Кенжебек.




"Алла сақтай көр! Соған сеніп кеткендерді айтсашы", "Африкадан энергетикалық нәрсе жоқ па екен? Әкеліп сатпадыңыз ба? Өте керемет пост! Браво!", "Керемет! Мысықтың тасағын қайдан алам енді?", "Түкке тұрғысыз бір жіпке бола діннен шығып кетуімізден сақтасын Алла", - деп жазды желі қолданушылары.

Ал Супермамасита инстаграмындағы тікелей эфиріне шығып: «Ең бастысы мен бұл сандыраққа сенемін, қалғаны маңызды емес. Содан ләззат аламын. Сол сәттегі рахатты бұзбаңыздаршы! Егер алғыңыз келмесе, алмаңыз», - деп ағынан жарылды.