Әнші: "Көзімен жас бұрқ ете қалды".
Соңғы аптада Сәкен Майғазиев жиі сөзге ілігіп, оған бағытталған сын толастар емес. Оны көріп, біліп жүрген әнші жан дүниесі жай таппай жүргенін айтады.
Айыптауларға қатысты өзінің пікірін де бұған дейін айтқан еді. Ал кеше әнші кішкентай қызының да сезініп жүргенін айтып, желі оқырмандарының көңілін босатып қойды.
Сәкен Майғазиев өзінің парақшасына "Үлкен қызымның сағат телефоны бар. Алыста жүрген соң халін біліп, сабақтан қаншада шығатынын, қандай баға алғанын біліп отырам. Бүгін таң ата үлкен қызым Раянам түсіме кіріпті. Сағат телефонымен маған қоңырау шалған екен деймін. Таңертең жұбайыммен телефонмен тілдестім. "Қызыңыз "Әкеме звондаңызшы" деп жылап оянды", дейді. Көзімен жас бұрқ ете қалды. ҚҰДАЙдың құдіреті күшті, не деген тылсым дүние деймін де, әкесі мен қызын байланыстырып тұрған. Әкесінің жан дүниесі жай таппай жүргенін сезген жүрегіңнен сенің. РАББЫМ, балапандарымды тіл, көзден аман қыла гөр" деп жазды.
Мұны оқыған желі оқырмандары аққа Құдайдың жақ екенін айтып, оған сабыр тілеуде.
Олар "Сәкен мырза, қатты уайымға салынбаңыз... Алла бәрін көріп тұр ғой ..біз сізге сенемиз! Ал бала мен әкенің арасындағы тылсым дүние де сіздің адалдығыңыз ғой...немесе бұндай түс те болмас еді...", "Сәкен аға аман болыңыз бұл да ұмытылар бұданда сорақы жасап жүргендер ұмытылған сіздің ақ екеніңізге барлық халық сенеді деп ойлаймын сіз сый құрметке лайықтысыз", "Сәкен аға, уайымдамаңыз! Барлығы жақсы болады! Сіздің адал азамат екеніңізді бәріміз білеміз!" деген ақ пейілдерін жеткізіп жатыр.