"Легенда деп Димашты айтуға болады" - Өзін "аңызға" балаған Қайрат Нұртас тағы да сынға ұшырады

0
3 498

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас өзін "ЛЕГЕНДАҒА" бағалап, Валерий Меладземен қатар қойды.


Фото: Қайрат Нұртастың инстаграм парақшасынан алынды

Көпшіліктің жүрегін хит әндерімен жаулап жүрген Қайрат Нұртас өзін "Аңыз адамға" балағаны көпке ұнамай қалды. Ресейлік Валерий Меладземен Дубайда бірге түскен суретін желіге жүктеп, "Қос легенда Дубайда жолықты" деген жазба қалдырды деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Алайда, "хитменнің" қуанышты сәтін елмен бөліскені басын тағы да дауға қалдырды. Атағы шығып, ел ықыласына бөленіп жүрген Қайраттың қазірден өзін аңызға теңегені көпшіліктің ызасын туғызды. Оқырманның бірі "Ресейлік легендаға жету үшін Қайрат Нұртасұлына айға дейін жаяу жүруге тура келеді" десе, енді бірі "Легенда деп Димашты айтуға болады, әлемдік деңгейдегі", "Димаштың өзі айтуға ұялады бұл сөзді" деген оқырмандар да табылды.

Әзілдеймін деп елдің сынына қалған әншіні даттағандармен қоса жақтағандар да табылды. "Аңыз адам" деп санайтын Қайратқа Дубайдағы концертіне сәттілік тілегендер аз болмады. "Сен біз үшін ЛЕГЕНДАсың, аман бол!", "Сенімен біз мақтанамыз", "Сен легенда емессің, сен мифсің" деп өздерінің әншіге деген ерекше ықыластарын жеткізіп жатыр.

Айта керейік, өзін "Аңызға" балаған қазақстандық хитмен Дубайда жеке кешін беруге дайындық үстінде.