Қазақи көрермен "Қалаулыммен" қоса, тағы бір теле жобаны эфирден алып тастауын билектен талап етіп отыр.
Қазақи көрермен "Қалаулыммен" қоса, тағы бір теле жобаны эфирден алып тастауын билектен талап етіп отыр.
Жақында КТК арнасы "Кел, келінім" атты жобаны жарыққа шығарған болатын. Оны көрген көрермен "Қалаулым" мен "ДОМ2" бағдарламаларына ұқсатып, көрерменге берер пайдасы жоқ деп есептейді. Желідегі бағдарлама үзінділеріне көрермендер: "Масқара, мынау "дом2" гой, қазақтың енді қалғаны осы еді? Сұмдық мынау, қазақтың қыздары ар-намыс қайда?" деп шырылдаса, екіншісі usmanova_zulfira: "Мынау циркке ұқсайды екен, айуандарды шығарып қойып ырылдатып көрініс қоятын. Масқара" деп ашуға булыққан. Бұл жағымсыз пікірлер мұнымен шектелмейді. "Қазақ қызының атына ұят келтіріп" отырған қыздарға көрермендер сана тілеп, ал арна басшылығынан бағдарламаны эфирден алып тастауын өтінеді.
Видео әлеуметтік желіден алынды
ERNUR.KZ