Мәдениет МИНИСТРІ болудан бас тартқан композитор 71 ЖАСҚА ТОЛДЫ

0
3 255

71 жасқа толған Аңыз адам, Алтынбек Қоразбаев қанша баланың аузына түкірген? Ал, сіз балаңыздың, немереңіздің аузына кімге түкірткіңіз келеді?


Мәдениет МИНИСТРІ болудан бас тартқан композитор 71 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев – Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков сынды танымал әншілердің ұстазы. Ол Мейрамбек Бесбаевты 12 жасында Алматыға алып келіп, оқуға түсірген. «Бозторғай әнін жазып» оны Мейрамбекке шырқатқанын да, сол ән арқылы бала Мейрамбектің көпшілікке танылғанын да жұрт жақсы білсе керек. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың композиторға Мәдениет министірлігіне баруға ұсыныс жасағанын ше, көпшілік біле ме?


Бір сұхбатында композитор Алтынбек Қоразбаев 1989 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оған мәдениет министірлігіне баруға ұсыныс жасағанын, алайда ол өзінің халық алдында жүргісі келетінін жеткізіп, министр болудан бас тартқанын айтқан болатын. Сол ағамыз, шығармашылықтың адамы, қаншама таланттардың ұстазы Алтынбек Қоразбаев бүгін 71 жасқа толып отыр.


Белгілі композитор өзінің инстаграм парақшасында жақында кішкентай баланың аузына «Дарын бала аузыңды аш ырым болсын, Жангыз сырлы сегізден қырын болсын. Нұрғиса атаң түкірген Мейрамбекке, қазағыңды мадақтар жырын болсын!» деп түкіріп отырған суретін салды.


Оқырмандардың көпшілігі «Шіркін сізді жолықтырсам немеремнің аузына түкіртер едім», «Ырымшыл елміз», «Алтынбек атаң түкірсе жаман болмайсың», «Балапанымызға өзіңіздің жолыңызды берсін, Аға!», «Амансыз ба, бізге де түкіріп қоятын күн қашан туар екен?» десе, олардың арасында:

«Түкіріктен пайда жоқ. Аға олай жасамаңыз. Əркімнің түкірігі лас қой. Ол кішкентай бала иммунитеті əлсіз. Əнші болса тегіне қарайды. Сіз сауатты адамсыз ғой» дегендер де бар.


Ал, сіз не дейсіз, оқырман! Балаңыздың, немереңіздің аузына кімге түкірткенсіз немесе кімге түкірткіңіз келеді?

Фото: @altynbekkorazbaev

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Гауһардың ТҮРМЕДЕ жазған ХАТЫ көпке ой салды

Қазақтың ЕКІ ҚЫЗЫ инстаграмда оқырман көбейтудің 5 ҚҰПИЯСЫН айтты
Айнұр Тұрсынбаева: «...Елдің еркелеріне деген құрмет қайда?!»