"Ажырасып кетті" деген Мәдина қызды болуды армандап жүр.
Санаулы күн бұрын ғаламторда атақты әнші "Мәдина Сәдуақасова ажырасып кетті" деген жел сөз тараған болатын. Бірақ бұл шындыққа мүлде жараспайды. Себебі әнші дәл қазір Дубайда өзінің сүйіктісі Олжаспен дем алып жүр.
Сондай-ақ әнші жақын күндері инстаграм парақшасына Қарақаттың қызымен түскен суретін салып, "Аллам осы арманымды да орындасыншы..." деп жазды.
Әншінің арманын түсінген жанкүйерлері оған "Қызды болыңыз", "Менің де арманым қызым болса екен. Екеумізге Алла соны бұйыртсын!", "Сіз сияқты сұлу болатын еді" деген сықылды ізгі тілектерін жазып жатыр. Біз де әншінің тілегінің орындалуына тілектеспіз.
Фото: sadvakasovamadina