"Мен оны кездестірген сияқтымын": Динара Қырықбаева оқырмандарын жақсы жаңалықпен қуантты

0
852

"Үш балаң бар ғой, біреуді қайтесің?! Күйеуің қайтып келеді, уайымдама", - дейді желі қолданушыларының бірі.


Көпшілікке әнші болып танылған Динара Қырықбаева қазір желіде белсенді блогерге айналды. Ол қызықты контенттермен қоса, өзінің жеке өмірі туралы да ашық жазады.

Жақында ол өзінің екінші рет отбасы құруға дайын екенін айтқан еді. Ал кеше "Мен оны кездестірген сияқтымын" деген жазбамен, бақыттан бал-бұл жайнап тұрған видеосын бөлісті.

Мұны көрген желі қолданушылары қуанып, әйел адамның қай кезде де бақытты болуыға лайық екенін жарыса айтып жатыр. Олардың бірі "Тек Қазақстанда ғана ажырасқан әйелді ешкім алмайды деген қғым қалып қалған. Ал шын мәнінде барлық әйел адам бақытты болуға лайықты, Динара күйеусіз де 3 баласын бағып отыр. Әйел адам мықты екеніне тағы да көзім жетті! Өз адамыңызды кездестіргеніңізге қуаныштымын, сіз бақытқа лайықтысыз" дейді, ал тағы бір оқырман оның бірінші күйеуіне қайта қосылатынын айтып, балаларын ойлауға кеңес берген.