"Менің ең алғашқы балам": Төреғалидың қарындасы Фариза Төреәлі күйеуінің сыйлығын көрсетті

0
1 090

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фаризаға күйеуі Дархан Нортаев су жаңа көлік сыйлады.


Салоннан шыққан қымбат Mersedes-Benz көлігін көрген Фариза қатты қуанды. Тіпті, көзіне жас та алды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазған блогер қыз-келіншектерге де осындай бақыт тіледі.


"Әлі сене алар емеспін. Әр нәзік жандыға осындай сүйіктісінің махаббатына бөленіп жүруді тіледім", деп жазды ол.



Бұл көлікті қатты армандап жүргенін, енді арманының орындалғанын жазған Фариза Төреәлі күйеуіне шексіз алғыс айтты. Желі қолданушылары блогердің су жаңа көлігімен құттықтап, тілектерін білдірді.