Мөлдір Әуелбекова: "Жалғыз Баян емес қой..."

0
6 599

Әуелбекованың "Kesh YOU" тобынан кеткеніне бірнеше жылдан асса да дау басылған емес. Жақында ғана "Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі" деген сұқбаты атақты продюсердің назарына ілігіп, Мөлдірді бірге сұқбат беруге шақырған еді.

Мөлдір Әуелбекова:

Мөлдірдің ойын білуге барған "31 арнаның" "Айта берсін" бағдарламасына әнші: "Барамын! Мен ешқандай жағдайда ешкімге тиіспеймін, өздері тиіспесе. Халық өздері де көріп отыр қанша жылдан бері. Адам кешірімді болу керек қандай жағдай болмасын, барлығымыз қателесеміз, барлығымыздың да кемшіліктеріміз болады. Сол себепті де мен қайтадан артқы күндегі адамдарымды жалғыз Баян емес қой, достарым да, құрбыларым да бар араларында, тіпті туыстарыммен де ренжісу болып жатады. Кешіруге дайынмын! Неге кешірмеске, барлығымыз бірдейміз, Алланың алдында. Адамбыз, пендеміз..." - деп жауап берді.

Ал сол бағдарламада Баян ханым жақын күндері хит әндердің орындаушылары, қазақстандық бірегей герлз бэнд "Kesh You" туралы кино түсірмек ниетте екенін айтты. Бірақ танымалдылығы мен құпия тұстары көп топтың қай мүшелері киноға шақырылатыны белгісіз. Дегенмен продюсер оның қызық болатынына сөз беріп отыр. Ал Мөлдір ол киноға шақыру түссе ойланып көретінін айтты.

Дереккөз: "31 арна"

Фото: Ғаламтордан алынды