«Намаз оқығандар билемесін деген заң бар ма?!»: Гүлзира Айдарбекова биін сынағандарға жауап берді

0
3 022

«Мұқатпай өмір сүрейікші!»


«Намаз оқығандар билемесін деген заң бар ма?!»: Гүлзира Айдарбекова биін сынағандарға жауап берді

Эстрада әншісі Шахизада Байбатжанова инстапарақшасына құрбыларымен бірге тик-ток билеген видеосын жүктеді. Оның ішінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да бар.

Желідегілер «Жастарға ақыл айтар жаста не сайқымазақ?!», «Қазақ әйелдері не болып барады? Бұл түрімізбен қандай ұрпақ тәрбиелейміз?», «Осы Гүлзираның жүрмейтін жері жоқ екен, әр жерге тұмсығын бір сұғып», «Киімдеріңізді жөндеп, намаз оқысаңыздаршы! Жас емессіздер ғой!» деп жазды.


Мұндай пікірлерге Гүлзира ханым шыдамаған секілді.

– Намаз оқығандар билемесін деген заң бар ма екен өзі? Ретімен нақышымен билесе елуді еңсеріп орта жас тұрмақ, 70 ке келгендер де билесе онда тұрған ештеңе жоқ. Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Қартайдым деп өмір сүруге болмайлы, қимылдың бәрі денсаулыққа пайдалы, биле, суға жүз қолыңнан келе ме өмірден түңілме. Неге біз бір-бірімізді мұқатып қай жерінен мін іздеп, кір тапсақ деп отырамыз, жақсы сөз жарым ырыс деген. Жақсы ойлай білген адамның жақсылығы көп болады. Негативті біреуді алдап ақшасын алғаннан, жартылай жалаңаш жүргеннен, біреудің отбасының шырқын бұзғаннан, баласын мусорға тастағаннан, ата-анасын кәрілер үйіне өткізгеннен, елдің ақшасын түрлі арамдықпен алдап қалтасына жымқырғаннан іздейікші. Көңілді әуен, көңілді биден іздемей. Әрбір қазақ жалғызым деп, мұқатпай өмір сүрейікші, өсектен шаршаңыз біреудің биінен емес. Жақсы сөйлейік сіңілім, ерте қартаймаңыз өмір бумеранг, - деп жауап қайырды.