Нұрболат Абдуллин қызына арнап ән шырқады.
Қызының тұсау кесер тойын дүркіретіп жасаған Нұрболат Абдуллин бұл жаңалығын ресми айтпаса да, жұлдыздардың желідегі парақшасы арқылы тез тарап кетті.
Сол кеште өзінің кішкентайына арнап шырқаған әні де халықтың жүрегінен орын тапқан сияқты. Өйткені оны бөлісіп жақсы пікір жазғандар жетерлік.
Десе де, әннің сөзіндегі "Анасынан аумай қалған" деген жолдарға жұрт шүйлігіп, реніштерін де білдіріп жатыр. Яғни олардың көпшілігі ән арнаған келіншегі мен қызын жасырып ұстайтынына өкпелі.
Фото: fatima_d10