Оқырмандар ҚЫДІРӘЛІ мен ҚАРАҚАТТЫҢ қайырымдылық кешін "бос мақтан" деп сөкті

0
4 644

Әнші, продюссер Қыдырәлімен оның жұбайы Қарақат кезекті рет қайырымдылық концерт өткізгелі жатыр. Олар ән кешінен түскен пайданы көмекке мұқтаждарға үлестіруге ниеттеніп отыр.


Оқырмандар ҚЫДІРӘЛІ мен ҚАРАҚАТТЫҢ қайырымдылық кешін

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Өнерде де өмірде жұптары жарасқан Қыдырәлі мен Қарақат әсем Алматының төрінде "Ана мен бала" атты қайырымдылық кешін өткізеді. Бұл жаңалықпен жұлдызды жұп инстаграмдағы өз парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сәуірдің 6-шы жұлдызына жоспарланған бұл концертті ұйымдастырудағы басты мақсат- көпбалалы көмекке мұқтаждарға қол ұшын созу. Ал, кештің көрігін қыздырып, көрерменнің көңілін көтеруге елге белгілі Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, Нұрболат Абдуллин және тағы да басқа өнер жұлдыздары атсалысатын болады. Ән кешінен түскен қаражат Ұлттық арнадағы "Қарекет" бағдарламасының бастамасымен шын мұқтаж анаға концерт барысында берілетіндігін жазды продюссер Қыдырәлі Болманов.

Тағдыр тауқіметін бастан шешіріп жүрген қаншама отбасының ең болмағанда біріне жан жылуын сыйласақ деп ойлайды Болмановтардың отағасы. Ел қалтасына қонымды болсын деп, концертке кіру құнын да төмендетіпті.

"Біздерге өте көп адам көмек сұрап xабарласады... Күнде... Қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз. Біруге Алла бере салғандарымыздан артылған киім-кешек берсек, үй жылытатын, біреуге қаражатпен... Бірақ бәріне көмектесу мүмкін емес екен. Сондықтан көпбалалы аналарға арнап,"Ана мен бала" атты қайырымдылық концертін өткізбекшіміз. Концертке Айнұр ақын, Тоқтар мен Бейбіт, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, Ерке Есмаxан, Жазира Баырбекова, Нұрболат Абдуллин, Бақай тобы, Азия тобы, Маржан Арапбаева, Сара Тоқтамысова, Серік Ибрагимов сынды елдің ең сүйікті әншілері қатыспақ. Түскен қаражатты "Қарекет" қоры, әкімшіліктен, қоғамнан қосылатын арнайы комиссияның шешімімен өте мұқтаж, көп балалы нақты бір Анаға ғана бермекпіз. Жер алып,ү й салып алуы үшін. Оның сауабы сол үй құлағанша болмақ. Концерт бағасын төмендеттік. Әр билет алып, концертке келген адам да сол сауапқа ие болмақ. Игілікті істе бір болайық, сауабы молынан болғай! Әдейі анықтадым, -Билеттер бағасы да арнайы төмендетілген. 1000, 2000, ең қымбаты - 3000" дейді әнші.

Айта кетейік, жұптары жарасқан жұлдыздардың бұл игі бастамасын оқырмандар да қолдайтынын білдірді.

Ал қайырымдылық кештің хабарламасы желіге шығысымен-ақ, Қыдырәлі мен Қарақаттың бастамасын шектен тыс мақтану деп сөккендер де табылды.