“Өте ауыр жала”: Бекболат Тілеухан Құран ұстап ант етті

0
1 291

Бекболат Тілеухан: “Мен анамды өлтірген жоқпын, тігінен көмген жоқпын. Жеті камаз қару түгілі бір винтовка сатып көрген жоқпын. Ғарифолла Құрманғалиевтен ән ұрлаған жоқпын. Оның «Елім менің» әніне тамшыдай үлесі болса, Құдай мені тапсын”.


“Өте ауыр жала”: Бекболат Тілеухан Құран ұстап ант етті
Көптен көрінбей кеткен экс-депутат, дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан Құран ұстап, ант берді.

Оның бұлай видео түсіріп, ағынан жарылуына аты шулы “Кәусар Тревел” компаниясына қатысы бар” деген ел арасындағы қауесет себеп болған.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына “Жалақорға жауап” деген жазбасымен, төмендегі видеоны жариялады.

Бекболат Тілеухан: «Өзіммен өзім болып. кітабымды жазып, бала-шаға, әулеттің ғана қамына ғана көңіл бөліп, намазымды оқып, жасымыз да біразға жетті басқаның бәрінен бас тартамын деген оймен жүргенмін ғой. Бірақ бүгін ел алдына шығуға тура келіп тұр. Маған осы жылдар талай жала жабылды. Қару сатты, анасын өлтірді, анасын тікелеп көмді, ән ұрлады, Сауд Арабиясынан қаржы алды деген айыптар жетіп жатыр...

Қисынсыз болған соң, қатты көңіл бөлген жоқпын. Сенгендер болды, сенгісі келгендер бар.

Бірақ ең ауыры – “қарапайым халықтың қажылыққа барам деп тірнектеп жинаған ақшасын жымқырып кетті” дегені болды. Меккеге деген махаббатынан, аузынан жырып жинағаг адал ақыларын жымқырып кетті деу өте ауыр жала.
Ол жаланың авторы – Медет Мұратбайұлы. Бұл бейшара балаға да біреулер айтқызып отыр” ғой дейді.

Сондай-ақ жала жабушыларының шалағай ақымақ екенін, олар айтқандай “2022 жылдың күзінде Алматы қаласында ақша алмағанын, тіпті Қазақстанда болмағанын айтқан.

Одан кейін Құран кітапты ұстап, «Аллахтың атымен ант етемін, мен ешқандай «Кәусар тревел» деген компанияны білмеймін, білген де жоқпын. Одан соқыр тиын алған жоқпын. Осыған дейін жер бетінде Медет Мұратбай деген адамның бар екенін білсем Құдай мені тапсын. Ешқашан ондай нәрсе болған емес. Сосын Мен анамды өлтірген жоқпын, тігінен көмген жоқпын. Жеті камаз қару түгілі бір винтовка сатып көрген жоқпын. Ғарифолла Құрманғалиевтен ән ұрлаған жоқпын. Оның «Елім менің» әніне тамшыдай үлесі болса, Құдай мені тапсын. Ғарифолла Құрманғалиевтің ол әнге ешқандай қатысы жоқ. Сирияға бір кісіні жіберген жоқпын, Құдай көріп отыр. Саудиядан бір тиын ақша алған жоқпын» деп сөзін аяқтаған.


Бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап, түрлі пікір тудыруда. Осы ретте дәстүрлі әншінің өнердегі әріптестері, атап айтқанда Балғынбек Имашев, Нұрлан Есенқұлов, Мұхаммеджан Тазабеков сынды танымал адамдар оған қолдау білдіріп, істің жеңілдігін тілеген.

Сонымен қатар желі оқырмандары да видеоны көріп қынжылғандарын айтып, тілеулестіктерін білдірген