"Халықтың бәрін соттайсыздар ма?": Алтынай Жорабева журналистке араша түсті

0
3 922

Әнші журналистке жазықсыз жала жабудың үлкен қылмыс екенін айтты.


Қос журналист арасындағы даулы мәселеге әншілер де араласа бастады. Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында Бибігүл Дәулетбекқызы мен оның адвокатының видеосын жариялап, жазықсыз жанға жала жаппауға шақырды.

"Бибігүлдің артынан жала жауып жатқан барлық адамдарға айтарым...Ешқандай дәлелсіз, арыздарыңызды жазып, қол қойған сәттен бастап, сол арыздарыңызға жауапты екендеріңізді ұмытпағайсыздар. Егер ол ешқандай фактсыз болса, ол өте үлкен қылмыс болып табылады! Арыз жазып, жала жабар кезде осыны білгендеріңіз жөн! Бибігүлдің өзі әділдік үшін шырылдап жүре тұра, өзі заңсыз біреудің ақшасын алып немесе біреудің ақшасын бермей қою мүмкін емес .", - деп жазады ол.


Әншінің жазбасына оқырмандар түрлі пікір білдірген. Бірі қолдаса, келесі бірі келіспейтінін жеткізді.

"Қаншама халық айтып жатыр. Сонда халықтың бәрін соттайсыздар ма?", деген пікір қалдырды ашынған оқырмандардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа бергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, аталған жағдайға қатысты Ерболат Төлеген де өз пікірін білдірген еді.