"Өз балаларыңды дұрыстап тәрбиелеп алыңдаршы": Белгілі актер Төреғалиды сынағандарға үндеу айтты (Видео)

0
862

Актер: "Соған қарап біздің баламыз тәрбие алады ғой" дейді, сенің балаң Төреғалидан сабақ алмайды, сенің балаң саған қарап тәрбие алады".


Кешелі бері желіні шулатып жатқан Төреғали Төрәліге қатысты өнер жұлдыздары да үнсіз қалмай, түрлі пікір білдіріп жатыр. Солардың бірі - әзілкеш Алмат Сақатов, желді оқырмандарын Төреғалидың тәрбиесімен емес, өз үйіңдегі баланың тәрбиесімен айналысуға шақырды.

"Ассалаумағалайкум! Жаңылмайтын жақта, сүрінбейтін тұяқта, өзіңе байланысты. Көтермелейтін де, мақтайтын да, даттайтын да өзіміз. Ал ол жүкті көтеріп жүру ол өзіңе байланысты. Баланы түздегілер тәрбиелеп кетпес үшін, уйде дұрыс тәрбие бер" деген ол төмендегідей видео жариялады.


Алмат Сақатов: "Ассалаумағалейкум, ағайын! Қалдарыңыз қалай, аман есенсіздер ме? "Мына желіні шулатып жатқан Төреғалиға не айтасыз?" дейді. Мен не айтамын? Өзім де жетісіп жүрген жоқпын. Өздеріңіз көтересіздер, өздеріңіз мақтайсыздар, арқасынан қағасыздар.

Көтере алатын адам болады, көтере алмайтын адам болады.

"Соған қарап біздің баламыз тәрбие алады ғой" дейді, сенің балаң Төреғалидан сабақ алмайды, сенің балаң саған қарап тәрбие алады.

Баяғы да қартайған баласы тамақ пісіріп тұрса, баласы "Әке, мен жұмысқа шыққанда саған тамақты өзім жасап беремін" десе, әкесі жылап "Сен 35 жасқа келдің ғой" депті.

Баласы 9 сынып бітірген баласына той жасап, әнші шақыратын өздері. Тәрбие қайда, тәрбие өздеріңіздің үйлеріңізде!

Өз балаларыңызды дұрыстап тәрбиелеп алыңыздаршы! Қайтесіздер, қазақта онсыз ба проблема көп!".

Оның бұл видеосын көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Кейбірі "Төреғалидан да маңызды проблемалар бар" екенін айтып, әншіге жеңілдік тілеуде. Ал бір тобы оның "еркелегін" енді көтермеу" керек деген ұсыныстарын айтқан.

Ал Төреғали Төреәліге өнерде жүрген кейбір ғана әріптестері "қолдау" сөздерін айтып жатыр, десе де көбі үнсіз.