«Өз тарихын өртегендер оңбайды!» : Қазақ мәдениетінің «Алтын қоры» күлге айналды

0
1 009

«Алтын адамды» алып кетпекші болды»


«Өз тарихын өртегендер оңбайды!» : Қазақ мәдениетінің «Алтын қоры» күлге айналды

Еліміздің түрлі өңірлерінде қаңтар айының 3-нен басталған тәртіпсіздік салдарынан мемлекеттік мекемелер, әкімдік нысандардан өзге мәдениет нысандарына да орасан шығын келді. Бүлікшілер Алматыдағы «Қазақстан» ұлттық телеарнасына басып кіріп, ондағы «Алтын қорды» өртеді. 6 қаңтар күні қазақ киносының алтын қоры жойылғаны белгілі болды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде фильмотека өртеніп кеткен.

Алматыдағы Қазақстан орталық мемлекеттік музейінің директор орынбасары Бибігүл Дәндіғараева "ежелгі жауынгерлер мен ата-бабалардың рухының" көмегімен тонаушыларды қалай райынан қайтарыпты. Қаланың астаң-кестеңі шығып жатқан сәтте музей қызметкерлері жұмыс орнында түнеген. Олар тонаушылар құнды жиынтықтарды ұрлап кетеді деп қорыққан. Дәндіғараеваның айтуынша, бір топ ұры-қары таңғы сағат 4 шамасында ғимарат жанына келген.


Тәртіпсіздікке қатысқандар музейге басып кіріп, «Алтын адамды», ғұн мен сақ жауынгерлерінің найзалары мен семсерлерін алмақ болған.


Музей қызметкерінің айтуынша, тонаушылар есікті бұзып, 6-7 адам ішке енген. Ал артында 200 адамнан тұратын топ тұрған. Кейбірінің қолында пышақ болды, дейді оқиға куәгері.


“Оларға нақты не айтқаным есімде емес. Бірақ ештеңеге тиіспеуді сұрадым. Себебі бұл – біздің тарихымыз, оны жоғалтуға болмайтынын ескерттім", – дейді Бибігүл Дәндіғараева.


Ақырында ол тонаушыларды райынан қайтарған. Айтуынша, бұл істе оған "ежелгі жауынгерлер мен ата-бабалардың рухы" көмектескен.