"Өзегімді өкініш өртейтінін жасырмаймын": Меруерт Түсіпбаева ең үлкен өкінішін айтты

0
3 500

Әншінің бұл жазбасы оқырмандарын да ойға салып қойды.


Мерует Түсіпбаеваның анасы туралы жазбасы желі оқырмандарының жүрегін ауыртты. Әдетте өзінің шынайы жазбаларымен көзге түсетін әншінің бұл жазбасы ана қадірі туралы болған екен.

"Мен есейген сайын анам туралы көп ойлаймын... Алаң- бұлаң, салдыр-салақ жас кезіңде анаң да жас, өзің де жас, терең ойлауға уақыт жоқ, аса көп алаңдамайтынмын... Ал казір өмір өзгерді, анам қартайды, мен есейдім... Кейде өзегімді өкініш өртейтінін де жасырмаймын... (Әсіресе, жазда ауруханаға түскені есіме түссе... )Ақса ағып кетсін қу дүние деп қолымды бір сермеп, жанына кетіп қалғым келетін сәттер де болады... Кейде мен өзімді жегідей жейтінім бар.... Ішкі дауысым: ”Ты - никудышная дочь!" деп, қайдағы бір өткен-кеткен олқылықтарымды қойнаудан ( !) алып шығып, оңдырмай сөгеді- ай келіп.....Асыл анамның бойындағы салмақ пен сабырлылықты бар баласына үлестіре келгенде, маған тым аз тигені де бар... Өкініш жетеді... Бар айтарым, осы жалған дүниеге келерде, Жаратқан менің анамды дәл осы кісі еткеніне дән ризамын.... p.s. Кішкентай кезімде, тісім ауырғанда, анамның төсегіне барып, арқасына бетімді басушы едім.... Міне, енді анам маған арқа сүйеп тұрғандай" -, дейді әнші.



Мұны оқыған желі оқырмандары да әсерленіп, аналары туралы естеліктен бөлісуде. Сонымен қатар, әншінің анасына амандық тілеп, өзіне де шабыт тілеген.

"Жаным сол сізді сондай жақсы көрем анаңыз аман болсын. Менде анамды қатты жақсы көрем онымен бір күн сөйлеспесем жаман болып жүремін аптасына бір барып көріп келемін", "Ақылды адамсың Меруерт! Адамның жан-дүниесін шымырлатады жазғаның! Ия кейде анамызға телефон соғуға қол тимей қалады дейміз ау!.. Аналарымызға алла ғұмыр мен денсаулық берсін" деген ізгі ниеттерін жазған.