Әлеуметтік желіде көше әндерін орындап, ректен түспейтін әнші қызды көпшілік марқұм Жанар Хамитоваға ұқсатты. Ол "Қара қыз - дара қыз" боп танылып жүрген Дильназ Бердалиева. Жас өнерпаз өзінің шынайылығымен жұрттың жүрегін жаулап, қазіргі таңда көптеген бағдарламаларға сұқбат та беріп жүр.
Оның сырт келбетін көпшілік әнші Жанар Хамитова ұқсатқан, бұған қатысты Дильназдың өзі "Жанар әпкемнің дүниеден озғанына 3 жылдан асып кетіпті…Уақыт деген қандай иа? Біз адам баласы-алдымызда қандай сынақ,қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз…Бір-ақ берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын! Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса даусым,шашым ұқсаса да тағдырым ұқсамасын" деп жазыпты.