"Саған жараспайды": Алтынайдың сүйіктісімен түскен суретін желідегілер сынап тастады

0
9 446

Әншінің махаббаттан басы айналып жүр.


Таяуда ғана екінші рет тұрмысқа шыққан Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіні тағы да шулатты. Инстаграм парақшасына сүйіктісімен бірге түскен фото мен әсерлі видео жүктеген әнші жұрттың сынына қалды.


Алдымен жолдасымен қол ұстасып, саябақта серуендеп жүрген видесын жүктеген. "Махаббатсыз дүние бос" деп пікір қалдырған бұл роликке де, өнер иесінің жарына арнаған өлең жолдарына да көпшілік бей-жай қарамаған. Екеуіне сүйсінген оқырмандар жүрекжарды тілектерін қарша боратты. Артынша гүл ұстап, бір-біріне жабысып тұрған суреттерін де салған. Алтынайдай ұяң қыздарынан жұрт мұндай қылықты күптеген сияқты, бірден сынай кеткен.




"Бақытты болуға лайықтысыз, бірақ мына суретіңіз артық", "Үйінде сүйісе берсін, көпшілікке көрсеткені ұят екен", "Мына суретті не үшін салдың, Алтынай, масқарағой мынау", "Тым ерсі, ұят", "Басқа, басқа саған жараспайды , Алтынай, 4 қыз өсіріп отырсың", "Сүйіскен фотосын ұялмай салып қойыпты, көргенсіз", "Қыздарынан қандай тәрбие беріп отыр", - деп жазды ашынған оқырмандар.


Желі қолданушылары арасында әншіні қолдағандар да бар.

"Артық ештеңесі жоқ. Өзінің күйеуі ғой, бөтен біреу емес. Мен әдемі гүлден басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Кім өзі ұятсыз болса, солай қабылдайды","Бәрі тамаша", - дейді олар.