Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің достарын қалай ұялтқанын айтып берді.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің достарын қалай ұялтқанын айтып берді.
Өзінің инстаграм парақшасына "Кеше ғой. Қанат, Сапар, Ерболат төртеуміз бір көлікте келе жатырмыз. Өзімізше, бірімізден біріміз өткен отансүйгіш, ұлтжанды, тіл жанашырымыз. Қанаттың қызуқандылығын қалтафонының қоңырауы бөліп жіберді: -Әлө, Абаямен келе жатырмыз, Жандосыбаға қарай (ул.Ураза Джандосова) бұрылайық па? Іле-шала менің қалтафоным "шыр" ете қалды. Мен: -...Иә-иә, бәріміз біргеміз, Қаната, Сапара, Ерболата төртеуміз келе жатырмыз. - дедім, достарымды шымши сөйлеп. "Болды, болды, Сәке, түсіндік...", десті ойымды ыммен түсінетін достарым. "Иванов, Петров, Сидоров... деген көшелердің атын қазақшалауымыз керек", деп аттандағанда алдымызға жан салмаймыз. Орыстілді отандастарымыз бен дүдәмал дүбәрәларды айтпағанда, баба тілін биік бағалайтын басым көпшілігіміз Тұрар Рысқұлов көшесін "ЫрысқұлыбА" (ул. Рускулова), Жұмағали Сайынды "СайнА" (ул. Саина), Ыбырай Алтынсаринді "Правда" деп жүргенімізді аңғара бермейміз. Тіпті отандық фильмдер мен телесериалдарда, хабарламалар мен жарнамаларда осындай өрескел қателіктер өріп жүр. Өзімізден бастайық, бауырлар"-деп жазған әнші барлығын өзімізден бастауға шақырды.
Мұны оқыған желі қолданушылары Сәкен Майғазиевке риза болып, "Өте дұрыс айтқансыз" деп қолдау білдірді.
Фото: @saken_maigaziyev
ERNUR.KZ