Сәкен Майғазиев вокзалда, Төреғали Төреәлі метрода ән айтты

0
2 267

Әдетте тек экран арқылы құттықтау жолдайтын жұлдыздар бұл жолы халықтың ішіне енеді, етене араласады.


Сәкен Майғазиев вокзалда, Төреғали Төреәлі метрода ән айтты

ERNUR.KZ. Қазақстандық шоу-бизнес бизнес өкілдері мен тележүргізушілер халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бейнероликке түсті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ролик сюжеті бойынша, танымал әншілер (Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі), тележүргізушілер (Зейін Әліпбек, Нұрсұлтан Құрман, Азамат Әбілхайыр) қоғамдық орындарға барып, ақ жаулықты аналар және қыз-келіншектермен жүздеседі, оларға гүл шоқтарын ұсынады, бірігіп Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнін айтады. Әдетте, тек экран арқылы құттықтау жолдайтын жұлдыздар бұл жолы халықтың ішіне енеді, етене араласады.

Өз кумирлерін күтпеген жерден кездестірген қыз-келіншектердің, аналардың эмоциясы, іс-әрекеті, лебіз-тілегі, қосылып шырқаған әні - барлығы реалити-форматта берілмек. Түсірілім қоғамдық орындарда, көпшілік жүретін орталарда өтетіндіктен, жалпыхалықтық сипат алады. Анаға деген махаббат, аруға деген ілтипат айналаны түгел біріктіріп, жобаның ауқымын ұлғайтпақ.

"Хабар" арнасы бастаған жобаның мақсаты - шуақты мерекеге орай көрерменге тосынсый, тың жоба ұсыну. Ару-аналарға деген құрмет-қошеметті арттыру, шексіз алғысты жеткізу, жүрек түкпіріндегі ең нәзік сезімдерді қозғау. Эфирде рейтінгісі, интернетте қаралымы жоғары жалпыхалықтық жоба жасау. "Бейтаныс аруларға гүл сыйлау" челледжін бастау екен.

Бейнеролик бірнеше жерде түсірілген. Қайрат Нұртас Көкбазарда, Сәкен Майғазиев вокзалда, Төреғали Төреәлі метрода, ал тележүргізушілер қала көшелерінде гүл сыйлап, ән шырқайды.