Бойынан өнерімен қатар, өнегелігін көруге болатын жұлдыздардың бірі - Сәкен Майғазиев. Ол үнемі өзінің ойы мен ісі арқылы қазақ халқының болашағы, ұлт тағдыры үшін қатты алаңдайтынын білдіріп жүр.
Бойынан өнерімен қатар, өнегелігін көруге болатын жұлдыздардың бірі - Сәкен Майғазиев. Ол үнемі өзінің ойы мен ісі арқылы қазақ халқының болашағы, ұлт тағдыры үшін қатты алаңдайтынын білдіріп жүр.
Кеше өзінің инстаграм парақшасында "Ақыл тоқтатқан" адамдарды есін жиюға шақырды. Себебі қазір барлығы дерлік арзан дүниенің соңына түсіп кеткені белгілі. Осы ойын: "Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Кешеден бері whatsapp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. (Хайперлердің "еңбегінің жемісі" ) Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау! Айталық, наурыз мейрамы күні дастарқаннан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, whatsapp, instagram, FB желілеріне тараттық. Не үшін? ҚАЗАҚты мазақ қылу үшін бе?! Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?! Таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауларыңызды, басқаларға таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің "атасы" екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды АЛЛА разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен instagram, you tube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын. Өрескел қателікке ұрынған адамның не, балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз. АЛЛА бәрімізді кешірсін!" деп жеткізді.
Әншінің бұл ойын қоштаған оқырмандар көп болды, бізде қолдаймыз! Өйткені қазір "қоқыстардың" төңірегінен шыға алмай қалған адамдар көп. Бәлкім сондай видео материалды бөлісер сәтте бір уақыт ойланып көрерсіз? Оның орнында сіз немесе сіздің жақыныңыз болуы әбден мүмкін еді ғой...
Фото: saken_maigaziyev
ERNUR.KZ