Шешенстанда орамалмен сахнаға шыққан Назима көпшіліктің сынына ұшырады (ВИДЕО)

0
2 714

Қазақстанда ашық-шашық, қысқа киіммен сахнаға шығатын әншінің орамал таққан образын жұрт сынап тастады.


Шешенстанда орамалмен сахнаға шыққан Назима көпшіліктің сынына ұшырады (ВИДЕО)

Отандық әнші Назима Жәнібекованың орамал тағып, жабық киінген образы желі қолданушылары арасында үлкен сынға ұшырады.

Ел алдына көбіне ашық киімдерімен шығатын әнші өткен жексенбіде Шешенстанның астана күнінде сахнаға сол елдің ұлттық киімін киіп, басына орамал, үстіне ұзын жабық көйлек киіп шыққан.

Желі қолданушылары әншінің өз елінде ашық-шашық, қысқа киіммен жүріп, Шешенстанда жабық киіммен сахнаға шыққанына шүйліккен.

"Басқа елде жабық киімде, өз елінде ашық киімде. Қалай сонда?!", "Демек, Қазақстанда жалаңаш жүре беруге болады. Ал, Грозныйда оранып шығу керек пе?", "Өмірге деген көзқарасыңыз бен дініңіз барған жеріңізге байланысты болғаны ма?", "Ашық жүріп, енді оранып алғаны қызы екен", "Шешендердің сахнасын сыйлай білген əншілер өзіміздің сахнаның сыйын ұмытып кететіндері өкінішті" - деп жазуда желі оқырмандары.

Алайда, жағымсыз пікірлермен қатар әншінің бұл образына тәнті болған оқырмандар да бар.

"Сондай жарасымды", "Киім қызға керемет жарасып тұр. Нәзік. Сол жақтың билігіне ризамын! Заңдары мен талаптарына да ризамын! Бізде де солай болу керек сияқты. Бізге қонаққа келгендер тырдай жалаңаш келсе де бәрі бір ғой негізі" дейді желі қолданушылары.


ERNUR.KZ