Инстаграм жұлдызы отбасымен бірге XVIII ғасырға аттанды.
"Қалаулым" бағдарламасына қатысып, танымал болған Камила Әділхан әлеуметтік желіде бұрын-соңды болмаған эксперимент жасамақ. Ол Инстаграм парақшасында отбасымен бірге бір апта бойы өркениттен тыс өмір сүргісі келетінін хабарлады. Тау баурайындағы киіз үйлердің біріне жайғасқан жұп 7 күнге XVIII ғасырға аттанды.
Блогердің айтуынша, бір апта бойы ұялы телефон ұстамайды. Бірақ оның XVIII ғасырдағы тыныс-тіршілігін телефонға түсіріп, оқырмандарынан жариялайтын арнайы адам бар. Инстаргам парақшасындағы жазбаларды жазып, Stories-ті де сол көмекшісі түсіреді.
"БІРІНШІ КҮН СӘТСІЗДІК болды! Бірінші күннен шыдамай қаламба деп ойлап қалдым! Жаңбыр қатты жауды. Тау суық, қазақ үй суық! Үлкен кісіден қатты ұрыс естідім (бірінші рет солай ұрыс естіген шығармын. Мағжан тек аң аулайды, мал бағады!
Достар біз өзіміз үшін келдік Тұрып көргіміз келді, Бұрынғы Ата-бабамыз қалай өмір сүргенін көргіміз келді. Сіздерден тек ҚОЛДАУ КҮТЕМІЗ! Бұндай істі әлі бірде-бір рет ешкімнен көрмедік, сізде көрмеген шығарсыз! Бұл фильм емес, сериал емес! Шынайы өмір! Қолдауларыңызға рахмет" , - деп жазған блогер.
⠀
Желі қолданушылардың дені блогердің әрекетін қолдаған.
"Тек алға! Сәттілік, шыдамдылық. Атам қазақ бәріне шыдаған", "Үйде отырып жауарп отырмыз, тауда суық қой. Аман-есен оралыңыздар, амал жоқ", "Бастаған екенсіңдер, шыдаңдар! Сендер мықтысыңдар", - дейді пікір қалдырушылар.
Айта кетейік, Камила Әділхан "Қалаулымда" бағдарламасына қатысып, танымал болған еді. Атышулы бағдарламада бақытын таппаса да, жобадағы досының арқасында жолдасы Мағжан Аймаханты жолықтырған. Жас жұбайлар жақында қызды болды. Камила бүгінде белгілі блогер, табысты кәсіпкер.