Шымкентке кино көруге келген Ерке Есмахан есінен танып қалған

0
4 081

Әнші киноға емес, ауруханаға баруға мәжбүр болған.


Шымкентке кино көруге келген Ерке Есмахан есінен танып қалған

Хит әнші Ерке Есмаханның жақында алғашқы кино туындысы шыққаны белгілі. Алматы мен Астанада жабық көрсетілімдерін өткізген Ерке, кеше Шымкенттің халқымен бірге кино көргісі келген.

Бірақ өкінішке орай, Ерке киноға емес, аурухана баруға мәжбүр болған. Ол туралы әнші өзінің жеке парақшасында жариялады.

Ерке Есмахан: "Достар! Мен киноның xалыққа жол тартатын осы күндерін қатты күтіп едім. Кешеден бері түнімен ұйықтай алмай, мазам қашып, бүгін Шымкентке келіп, есімнен танып құлап қалдым. Ауруxанадан бір шықтым.

Бүгін шымкенттік көрерменмен бірге кинозалдан фильм тамашалау жоспарланған еді. Бұйырмады... Кешірім сұраймын! Кино шықты деп арқамды кеңге жайып жібергендік пе, не болғанын түсінбей қалдым. Жан-жақтан көмек көрсетіп жүгіріп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін.

Құрметті отандастар! Өздеріңіз үшін түсірілген "Маxаббат" кафесі" фильміне барып, қолдау білдірсеңіздер
Әйел адам нәзік келеді бәрібір. Осыншама жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере алмай, шорт сынып кеткендеймін. Алла жар болсын!"

Бұл жаңалықты естіген Еркенің тыңдармандары алаңдап қалды. Олар сүйікті әншілеріне денсаулық пен жақсылық тілеген жазбаларын пікірге жариялауда.

Бір қызығы осы жазбадан кейін Ерке өзінің парақшасына "Жаңа өмір! Жаңа кезең! Жаңа белес! Жаңа сезім... Бәрі жаңа-жаңа..." деген жазбасын қалдырды. Бұл сөздер оның жанкүйерлерін тағы да ойландырып қойды.

Фото: erke_esmahan

ERNUR.KZ