«Тақсыр!»: Абай Бегейді әйелі осылай атайтынын айтты

0
1 355

«Мың қайнасақ та сорпамыз қосылмайтын жандар едік»


«Тақсыр!»: Абай Бегейді әйелі осылай атайтынын айтты

Отандық танымал әнші Абай Бегейді әйелі «Тақсыр!» деп атайтыны белгілі болды. Бұл туралы әншінің жары Фариза инстаграм парақшасында жазды. Жұлдызды жар отағасымен қалай танысқанын тілге тиек етті. Айтуынша, жұбайлар Фаризаның Қостанайдағы құрбысының тойында танысқан.

Желідегі оқырмандар Фаризаның өмірлік жолдасын «Тақсыр» деп құрметтеп, отбасылық сыйластығын сақтап келе жатқанына сырттай сүйсінуде.

«Тірі адам тірлігін жасайды ғой. Ең бастысы, бірінші әйелінің аманатына қиянат қылмайтын асыл жар бола білгенің үшін Алла тілеуіңді берсін, айналайын!», «Қыздардың көзінен бақытты екені көрініп тұр. Фари, рахмет, осы кішкентай екі жүректі емдеп, бағып, өсіріп жатырсыздар. Қыздарыңыз бақытты болсын!» деп жазып жатыр.