"Терезенің алдында тұрғанымда қызым хабарласты...": Алмас Кішкенбаевты қызы өлімнен алып қалған

0
18 484

Алмас Кішкенбаев көзіне жас алды...


Танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың өмірінде соңғы кездері түрлі оқиғалар орын алып жүр. Оның бірі - әйелімен ажырасуы. Ол туралы біз жақын арада жазған да болатынбыз.

Ал күні бүгін әншінің өзі оқырмандарына жан сырын ақтарды. "Гәкку" арнасының "Шыны керек" бағдарламасына арнайы келген Алмас соңғы жылдары басынан өткен қиындықтарын: әйелімен ажырасуы, қыздарымен қарым-қатынасы, прдюсерлік жобалары, ішкілікке салынуы мен өзіне қол жұмсамақ болған кездерін есіне алды.

Жүргізушінің "Бір кездері сенің инстаграмға қорқынышты посттарды да салатын болдың. Біз оқығанда түсінбедік... Не туралы айтып жатыр? Өзі туралы ма, басқа ма, суицид туралы ма деген ойлар келді... Ондай нәрсе болды ма?" деген сұрағына әнші ұзақ ойланып, "Ондайды эфирде айтуға бола ма?" деді.

Онан соң әнші "Оның барлығы жаман нәрсенің әсері... Мен терезенің алдында тұрған кезде Зеренің қоңырау шалғаны тоқтатты..." деп көзіне жас алды.

Содан кейін әнші қазір бәрінің артта қалғанын, жуық арада намазға жығылғанын айтып, тыңдармандарын тыныштандырды.

Өйткені халықтың сүйіктісінің басындағы жағдай үшін оның жанкүйерлері қатты уайымдайтыныны пікірлерден білуге болады. Себебі олардың көпшілі әншінің жанұясымен қайта қосылуын қалайды және соған тілектестіктерін білдіреді.

Фото: a.kishkenbaev

ERNUR.KZ