Терісі өзгеше қыз: "Мен өзімді енді қабылдап, жақсы көре бастадым"

0
5 053

27 жастағы якуталық бойжеткен өзінің ешкімге ұқсамайтын сырт келбеті арқылы танымал фотографтың фотожобасының жұлдызы атанды.


Терісі өзгеше қыз:

27 жастағы якуталық бойжеткен өзінің ешкімге ұқсамайтын сырт келбеті арқылы танымал фотографтың фотожобасының жұлдызы атанды.

Ирина Павлуцкая Якутияның астанасында тұрады, өзі жетімдер үйінде тәрбиеленген. Оны анасы туған кезінде сырт келбеті үшін бастартып тастап кеткен екен. Себебі Ирина мелоноз атты тері ауруына шалдыққан. Алғашында өз келбеті үшін ұялған қыз армандарынан бас тартып балалар үйінде тәрбиешінің көмекшісі болып жүреді. Ал қазір ол өте танымал сәнбикелердің бірі және оны сырт келбеті үшін көпшілік "Қабылан қыз" атап кеткен.

Жақында бұл бойжеткеннің биологиялық анасы табылды. Ол Андрей Малаховтың "Тікелей эфир" хабарында кездесіп, басынан өткен оқиғасын айтып берген.

Фото: http://news.ykt.ru

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ