«Тойдан қағылған ғой»: Онлайн курс ашқан Төреғалиді жұрт сынға алды

1
3 362

Әнші «Ұлы дала баласы болам десең...» атты курс ашқан


«Тойдан қағылған ғой»: Онлайн курс ашқан Төреғалиді жұрт сынға алды

Үнемі хит пен шу шығарудан шаршамайтын Төреғали Төреәлі енді онлайн курс бастамақ екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында айтты.


«Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық!

Қайырлы кеш құрметті оқырман!
Алланың қалауымен ашылған алғашқы өнер мектебімнің алғашқы қоңырауы соғылды.
«ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ БОЛАМ ДЕСЕҢ...» атты жеке онлайн курсымды бастаймын.

1. Шешендік өнер

2. Кино және театр

3. Эстрада

4. Көркем мінез

5. Спорт

тақырыптары бойынша пайдалы ақпарат, құнды білім мен жеке тәжірибеге толы сабақтар сіздер үшін қолжетімді.

Курс сатылымы басталды!

Курсты профильдегі сілтеме арқылы өтіп немесе свайп жасап ала аласыздар!
Ал кеттік!!!
» - деген әнші курсы туралы бір емес, бірнеше жазбалар жариялаған.



Қазіргі таңда онлайн курстар мен мектептер ашу таңсық болмай қалды. Десе де әншінің кейбір оқырмандары оның бұл жобасын аса құптамаған сияқты. Өйткені «Той болмағандықтан, басқаша табыс тапқың келе ме?» деп пікір қалдырғандар бар.

Әрине, әншінің сүйікті фанаттары оның бұл бастамасын қолдайтынын айтып, тіпті «Ұлы дала баласы» болуы үшін қатысуға да дайын екендіктерін айтқан.