"Төркіншілмін": Танымал Мереке Қалбаева бақытты отбасының құпиясын айтты

0
1 450

Оның ойынша, ең алдымен сыйластық қажет.


Белгілі жайдарманшы және әнші Мереке Қалбаева бақытты неке үшін не керегін айтты. Оның ойынша жұптар бір-бірін қалай бар солай қабылдауы керек. Өзінің некесінің құпиясы да осы да екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Мереке Қалбаева: "Барда да жоқта да, аштық пен тоғымызда да біргеміз. Ер мен әйелдің арасында махаббат пен сыйластық, түсіністік болу керек. Сол кезде жылдарыңыз тәулік сияқты өтіп кетеді. Ал керісінше болса секундыңыз ғасырдай өтпей қояды, Сондықтан сүйіңіз, сүйіліңіз.


Мен Арсенді қалай бар сол қалпында жақсы көремін Ол да мені бүкіл минусыммен, төркіншілдігімді қосқанда қабылдап, жақсы көріп, қолдап келеді. "АЛЛАҒА ШҮКІР көзді ашып жұмғанша 5 жыл өтіп кетіпті. Бізге биыл 5 жыл.
Сыйластығымыз ұзағынан болсын досым!".


Желіде белсенді жұлдыздың бұл постына оқырмандары қолдау білдіріп, елдің сөзіне қарамастан бірге келе жатқан жұпқа жақсылық тіледі.