"Цой елді қой деп санай ма?": Ашынған Балғынбек Имашев желіге жазба жариялады

0
8 429

"7 балама тиісуге жаным кеудемнен шыққанша мүмкіндік бермеймін!" - дейді айтыскер.


Әуелден вирусқа қарсы екпе салдыруға қарсы болған айтыскер ақын Балғынбек Имашев тағы да жазба жариялады. Ол бұл жолы президентке "Геноцидты тоқтатыңыз" деп шарт қойды.

Балғынбек Имашев: "Атасының басы!

Бұл не деген намыссыздық, озбырлық, не деген көзсіздік!
Айналайын, халқым-ау!
Қайда бара жатырмыз?
Мынау қандай саясат?
Мынау қандай министр?
Мынау қандай мемлекет?
Балаларыма қол салуға да, у қол салуға рұқсат жоқ!
Маған файзерге хаятты қосып, спутникке казвакты араластырып 7 мәрте салсаңдар да Алла берген 7 балама тиісуге жаным кеудемнен шыққанша мүмкіндік бермеймін!
Бұл Цой деген елді қой деп санайды ма?
Қасымжомарт Кемелұлы! Геноцидты тоқтатыңыз, немесе..."

Мұны оқыған оқырмандардың басым бөлігі де оның сөзін қуаттап, "ойымыздағыны айттыңыз" дейді. Олар "мұның бір шешімін табу керек, бір шешімге келу керек" деген ауандағы пікірлерді жарыса жазуда.