"Түкірік дәрі ме?": Пандемия кезінде Қайраттың анасы балаларға түкірді

0
4 862

Ауру деңдеп тұрған кезде балалардың аузына түкірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды.


Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға ырымдап балаларын түкіртетіндер көбейген. Карантин кезінде қалаға серуенге шыққан хитменнің анасы, өзін халықтың сағынып қалғанын, суретке түсушілер мен тіпті, балаларының аузына түкірткендердің де көп болғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Ардақ қайын інім, Арай келінім кеше біраз, таза ауаға қыдыртып қайтайық деп кешкі астан соң серуендеп қайттық. Халықты мен сағындым ба десем, мені де халық сағынып қалған сияқты. Бүгін ғана инстаңыздан көлік ұтып алған келіншектің бөпесіне түкіргеніңізді көріп, қалай тапсам болады деп армандап қалып едім, тура алдымнан шықтыңыз деп, бір келіншектің бастағаны сол екен, түкіртетіндер көбейіп кетті. Жұртпен суретке түсіп, сағынышымды басып, балаша мәз болып қайттым. Алла ниеттеріне жеткізсін! Бақытты күндеріміз көп болып, амандығымызбен бір-бірімізді қуанта берейік", - деп жазады Гүлзира ханым.

Алайда Гүлзира Айдарбекованың әрекетін құптаушылар қатары кем де кем. Көпшілік дәл қазіргідей әлем вируспен күресіп жатқан кезде, баланың аузына түкірген Гүлзира ханымды да, ырымдаған аналарды да сөгіп тастаған.

"Тукірген дегенді кайдан тауып алган жұрттар? Қойсаңдаршы осындайларды? Көз тимесин деп түкіреді деуші еді?Барлығы сұмдық боп биіктеп кетеді деп кім айтты?", "Түкірген дұрыс емес ол, казір вирус болып жаткан кез", Ана баланың анасы дені сау ма? Бөтен жанға баланың аузына түкіріп бер деу не деген сұмдық. Тіпті ол соншалықты танымал болса да", "Тазалық қайда қалды, түкірік дәрі ма?" - деп жазады оқырмандар.