"Жабыса бермеңдер!": Әкесінің мерейтойында әйелін аймалап жүрген Айқын жұртқа жақпай қалды

0
3 364

Әнші жарын аймалаған бейнежазбасын жеке парақшасына салған.


ERNUR.KZ. Айқынның камера алдында Жұлдызды аймалаған бейнежазбасын желіге жүктегені көптің ашуын оятты. Екінші әйеліне арнайы пост жазып алғысын білдірген әншіні оқырмандары жерден алып жерге салды, деп жазады Shownews.kz.

Алматы шаһарында зәулім сарайда шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, әкесінің 70 жас мерейтойын атап өткен Айқын желіге жаңа жазбасын жариялаған еді.

«Әкемнің тойына ерекше атсалысқан @zhuldyzomirgali_official жаныма рахмет! Барлығы жақсы өтті», – деді Айқын постында.

Алайда, қуанышымен бөлісіп, жарына алғысын білдірген Айқын желідегі жұртқа жақпай қалды. Себебі, әнші әкесінің атаулы күнінде Жұлдызды аймалаған бейнежазбасын жеке парақшасына салған еді. Дәл осы постты көрген өнер иесінің оқырмандары бірден өз пікірлерін жолдай бастады.

«Әкеңіздің тойында осылай жаласып отырдыңыздар ма?» «Жабыса бермеңдерші, ұят!» «Қатын алғыш ұнамайсың!» «Келін емес пе, істесін, соны да сөз қылып. Соншама бәрін өз қолымен істегендей. Ақшасын қолына берсе болды емес пе? Барлық жағдай шешіледі», «Келіндік қызметін атқарған шығар. Ол болмаса кім енді?Айдаладан біреу көмектеспейді ғой», – деді оқырмандары.


Жиі сөзге ілігетін Айқынның еті сынға үйренген. Желі қолданушылары жағымсыз пікірді қарша боратқанымен өнер иесі сабырлық сақтап, ешкімге тіл қатпады. Алайда, дәл осы жазбасының астында әншіні қорғаштап құттықтауларын жолдағандар да кездеседі.

«Өз басым рахмет айтып жатқанына риза болып отырмын. Дұрыс. Қаншама жүгіріс. Оны жолдасы елеп, рахмет айтып жатса нұр үстіне нұр ғой», «Той құтты болсын!» «Әкеңіздің өмір жасы ұзақ болсын. Немере, шөберелерінің қызығына тоймай анаңыз екеуі жүре берсін», – деді желі қолданушылары.