"Жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді": Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова ауруханада жатыр

0
5 472

Әнші COVID 19 жұқтырған.


Мөлдір Әуелбекова өзінің ауруханада коронавируспен күресіп жатқанын айтып, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Әуелде мұны жасырғысы келгенімен, халықтық бетпердесіз жүруі мен ауруды елемеуі өз оқиғасын жазуға себеп болған.

Өзінің жазбасында "Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, Сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері біз COVID-19 бен ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір. Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші! COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды. Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық! Аман болайық! Сау болайық! әмин" - дейді әнші.


Бұл жаңалықты естіген тыңдармандары уайымдап қалғандарын жасырмайды. Олар әнші мен сәбиінің аман болуын тілеп, ақ тілектерін ақтаруда.