«Жаман ойы болған жоқ»: «Дикий Арманның» анасы қырғыздардан кешірім сұрады

0
1 231

«Екі ортада ұлтараздық туып кетті»


«Жаман ойы болған жоқ»: «Дикий Арманның» анасы қырғыздардан кешірім сұрады

Атышулы Арман Жұмагелдиевтің анасы қырғыздардан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады. Қаңтар оқиғасы кезінде қырғыздарды айыптаған ұлының әрекетін ақтаған ана "жаман ойы болған жоқ" деп отыр.

«Ассалаумалейкум, қырғыз елі! Сіздердің алдарыңызға мен 70-тегі зейнеткер, «Дикий арман», Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева. Сіздерден талай рет кешірім сұрар еді. Қазір мынандай жағдайда отырған соң ұлымның атынан, өзімнің атымнан кешірім сұрап отырмын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар. Екі ортада ұлтараздық туып кетті ме, білмеймін. Жүрегім ауырды. Оның жаман ойы болған жоқ. Шын мәнінде, ол қырғыз елін «Қандай күрескер, қандай керемет халық» деп жақсы көреді. Әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыз елінің қызын алып, құда-құдағи болып отырмыз», - деді Роза Жұмагелдиева.



Желідегілер «Ана жүрегі баласы үшін ешқашан ауырмасын», “Қарға баласын аппағым дейді», «Ештеңе демей...АНА сөйледі деп...Ана ретінде ғана қабылдаңыздар...Ана жүрегі деген қиын ғой....», «Ана баласы үшін бəріне барады. Жаман пікір жазбаңыздаршы, Аллаһ кешірімді», «Ее, баласының ісіне анасы шырылдап жүр, құдай бастарына бермесін!» деп жазуда.