"Жұбайыңыз сізді кәдімгідей жасартыпты": Нұрғали Нүсіпжановтың образдары желіні шулатты (Видео)

0
5 226

"Менің бақытым - халқым, сіздерсіздер!" - дейді әншінің өзі.


Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері және көпшіліктің сүйіктісі Нұрғали Нүсіпжанов соңғы уақытта желіде өте белсенді.

Қазір әншінің болмысынан жаңалық, жаңа леп сезілетіні жасырып емес. Оның осы жолы Шымкент қаласында өткен Наурыз мерекесінде тыңдармандары да байқаған екен. Ерекше стилі мен образдары арқылы әнші сол күні желіде хит болды. Өзінің парақшасынан бөлек, көптеген желі қолданушылары оның тектілігі мен паңдығын сөз етіп, видоларын бөлісуде.


Желі қолданушаларының бірі "Қазақ тарихында ғасыр адамы болып қалатындардың бірегейі, өнегелі тұлға— Нұрғали Нүсіпжан дер едім. Аман жүр аға, елің де сізбен бірге!" деп пікір білдірсе, тағы бір оқырман ол кісінің осындай қалыпты жүргені жарының арқасы екенін жазыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжанова бірнеше жыл бұрын өзінен 45 жасқа кіші журналист Жадыра Сейдешпен отбасын құрған еді.