​БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР: КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?

0
19 208

КІМ және ҚАЛАЙ ішу керек?


​БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР: КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?

фото: m.123ru.net

Белсендірілген көмірдің түйіршік және ұнтақталған түрі болады. Әрбіріміздің дәрі қобдишамыздан табылатын бұл дәріні 3 жасқа дейінгілер мен жүкті әйелдерге де қолдануға болады. Негізінен бұл ағзаны уыттан тазалау үшін ұсынылады. Әсіресе, асқазан, ас қорыту, ішек және бауырды тазалау үшін ішу керек. Сонымен қатар артық салмақтан арылуға және терінің саулығын жақсартуға да септігін тигізеді.


Белсендірілген көмірді қай кезде ішу керек?

  • тамақтан уланғанда;
  • алкоголь мен дәріні артығымен қабылдағанда;
  • іш қуысы ауырғанда, желденген кезде;
  • қыжыл пайда болғанда;
  • жүрек айнығанда;
  • ішек ауруларында;
  • тері бөрткенде;
  • шаш пен тырнақтың саулығын жақсарту мақсатында ішу ұсынылады.

фото: amp.clutch.ua

Ағза тазалықты қажет еткенін қалай білеміз?

Егер ағза шлакқа толса, мына белгілер орын алады:

  • аллергияға жиі шалдығу;
  • созылмалы шаршау;
  • бас сақинасы мен бұлшықеттің ауруы;
  • бетке бөртпе мен безеу басу;
  • лоқсу, құсу;
  • ас қорыту жүйесінің жұмысы нашарлау;
  • ауыздан жағымсыз иіс шығу.

Міне осы белгілер ағзаның шлакқа толғанын хабарлайды.


Қанша уақыт керек?

Ағзаны артық заттан тазалау бірнеше аптаға созылады. Бастысы, қай ағзаны тазалау керектігін анықтап алу керек. Егер белсендірілген көмірді шамадан артық ішсеңіз, авитаминозға шалдығу қаупі бар.

Дәріні бүтіндей емес, ұнтақтап қолдану тиімді әрі пайдалы. Жалпы ағзаны тазалау үшін салмағыңызға қарай есептеп аласыз. Мәселен, 10 келіге 1 дана таблетка жетеді. Айталық 50 келі шығатын сізге 5 дана дәрі керек. Оны жақсылап ұнтақтап алып, 1 стақан сумен араластырып ішесіз. Нәтижесі екінші күні-ақ белгілі болады.


Тазалану кезінде мына ережені сақтаңыз:

  • Сусынды көбірек ішіңіз. Тәулігіне 2-2,5 литрдей сұйықтық ішуді әдетке айналдырыңыз. Судың орнын газсыз минералкамен, шөптен демделген шаймен, қантсыз морс немесе нәрсумен алмастыруға болады.
  • Диета. Ем кезінде тұтынатын тағамдарды бұқтырып немесе буға пісіріп жеу керек. Ал ащы әрі қуырылған тағамдарды шектейсіз. Ішектегі пайдалы бактериялардың орнын сүт өнімдерімен толықтырып отырыңыз.
  • Жаман әдеттен аулақ болыңыз. Алкогольді ішімдікті, құрамында никотин бар темекіні үзілді-кесілді ұмытыңыз. Иә, бірден бәрін тастап кету қиын. Десе де, күн сайын көлемін азайтып отырсаңыз, бір айда-ақ өзіңіз күтпеген жағдайға тап боласыз.
  • Физикалық белсенділікті арттырыңыз. Артық жүктеме денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шектен шықпаңыз. Саулығыңызды арттыру үшін таза ауада жаяу жүруден бастаңыз.

фото. ru.freepik.com

Қайсы ағзаны тазалау үшін қалай ішу керек?

Артық салмақтан арылу үшін

Адсорбент қызметін атқаратын белсендірілген көмір майды ерітіп, ішектің жұмысын жеделдететін қасиетке ие. Егер үзбей аталған дәріні мөлшерімен ішіп жүрсеңіз, бір аптада 3 келімен қоштасасыз. Артық салмақтан арылу үшін тамақтанудан жарты сағат бұрын 3 дана дәрі қабылдаңыз. Артынан көп мөлшерде су ішуді ұмытпаңыз. Емделу мерзімі – 10 күн. Ем кезінде құрамы жеңіл тағамдарды тұтынуға кеңес береміз.


Бауырды тазалау үшін

Бауыр ағзаның сүзгісі қызметін атқарады. Сондықтан да барлық шлак, улы заттар бауырға келіп түседі. Бауырдың жұмысының бұзылуы алдымен қанға зиян. Қан арқылы бүкіл ағзамызды улайды. Осы жайсыздықтың алдын алу үшін бауырды тазалауды бастаймыз.

- дәріні ашқарынға ішесіз. Артынан көп көлемде су ішіңіз;

- бірінші күні 1 данамен шектелесіз;

- күн сайын 1 данадан қосып отырыңыз;

- дәріні ішкен соң 2 сағат өтпей тамақтануға болмайды.

Емделу мерзімі – 2 апта. Ал 3 айдан соң тазалануды тағы да бір рет қайталайсыз.


Ішекті тазалау үшін

Сізге 10 күн уақыт керек. Ішекті тазалау үшін күніне 2 рет дәрі қабылдаймыз. Ішекті тазалап болған соң бифидо-лактобактерияны қалпына келтіруді ұмытпаңыз. Ол үшін дәрігермен кеңесе отырып қажетті дәрумендерді, тағамдарды тұтынасыз.

Осыдан соң асқазанның ауырлығы мен іштің айналасының ауырғаны басылып, иммундық жүйеңіз нығаяды әрі физикалық белсенділігіңіз артады.


Аллергияны емдеу үшін

Белсендірілген көмірді тазалану үшін ғана емес, аллергиялық ауруларды емдеу үшін де қолдануға болады. Мәселен, мезгілдік аллергияны емдеу үшін күніне 2 дана дәрі ішесіз. Емделу ұзақтығы – 2 апта.


Тісті ағарту үшін

Уақыт өте тісіміздің түсі өзгереді. Оны қалпына келтіріп, ағарту үшін белсендірілген көмірдің көмегіне жүгінген жөн. Тіс пастасын щеткаға сығып алып, бетіне ұнтақты сеуіп, тісіңізді жуасыз.


Белсендірілген көмірдің пайдасы:

  • зат алмасуды жақсартады;
  • терінің, шаш пен тырнақтың саулығын арттырады;
  • қандағы холестерин деңгейін реттейді;
  • ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • қанды тазалап, ағзаның жалпы тонусын көтереді.


Белсендірілген көмірді кімге қолдануға болмайды?

- асқазанда жара болса;

- асқазаннан қан кеткенде;

- жүрек қан-тамыры ауыратындарға қолдануға болмайды.


Ескерту! Белсендірілген көмірді қолданудан алдын міндетті түрде дәрігердің кеңесін алыңыз!


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГОРМОННЫҢ бұзылуы АҒЗАҒА өте ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?


БАЛ мен СОДА мына ТӨРТ түрлі АУРУДЫ емдейді


Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда ЛИМОН қосылған СУ ішіңіз