​«31-іне сағат 21.00-де ұйықтап қалуымыз керек...»: түркістандық келіншек жанайқайын айтты

0
7 994

«Жаңа жылды 13 жылдан бері тойламаймыз»


​«31-іне сағат 21.00-де ұйықтап қалуымыз керек...»: түркістандық келіншек жанайқайын айтты


Жыл санау бойынша 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауысатын түні келіп кіретін Жаңа жыл мерекесіне байланысты қоғамды түрлі пікір жеткілікті. Діни, дәстүр тұрғысынан да жат санайтындар бар. Десек те Жаңа жыл мерекесі ресми аталып өтілетін боғландықтан дәстүрімізге еніп кеткені де рас.


Түркістандық Әсия есімді келіншекERNUR.KZ тілшісіне хабарласып, осынау мерекені тойлауға отағасының қатаң қарсы болып отырғанын айтып берді.


Айтуынша, Әсияның отбасында Жаңа жыл мерекесі он үшінші жыл қатарынан тойланбай келе жатқан көрінеді.

- 31 желтоқсан жақындағаннан атамыз бен отағасының түсі суытып, қабағы қатулана бастайды. Қайып әпке, қайынсіңлілерім 1 қаңтар күні құттықтап келгілері келеді, біздің де қыдырып шыққымыз келеді. Бірақ бәріне қарсы.


Марқұм енем айтып отырушы мен келін болып түскенде. «Бұл атаң мен екеуі бір топырақтан иленген ғой. Жұрт жүретін жаққа емес, өз алдарына бөлек жүреді» деп. Байғұс тірі кезінде атаммен бірге тойға бара алмай кетті ғой. Қайынатамыз бұрыннан солай екен. Үйіне қонақ келсе де біраз отырып, сосын өз шаруасымен кетіп қала салатын кісікиіктеу адам. Әлі күнге сондай, менің төркінім, құдасы келсе де, астан соң шығып кетіп қалады. Басында «аталарың бізді жақтырмайды» деуші еді. Қазір мінезі екенін айтып әзер түсіндірдім. Әйтпесе, үйге келмей қойған еді әкем.


Бара-бара күйеуім де солай болатын сияқты. Қазір жасы 37-де. Төрт баламыз бар. Алды мектеп бітіргелі отыр. Олар да жаңа жыл мерекесін сыныптастары, достарымен тойлап көңіл көтергісі-ақ келеді. Бірақ атасы мен әкелерінен тайсалады. Мектептің сондай мерекелік іс-шараларына да қатыстырмайды. Жасырып қатысты дегенше үйде айғай-шу, ұрыс, соңында мен ара түсіп жылап тынамын.

Бұрындары сәл де болса жақсы еді. Шырша сатып алып безендіріп тойламасақ та, әйтеуір қазан асып, дастархан жасап, келген қонақтарды күтіп шығарып салатынбыз. Қазір міне, 10 жылдан асты. Біздің үйдің Жаңа жылды тойламайтынын бәрі біледі. «Бұл біздің мереке емес» дегенді жаттап алған, тойлап қойса діннен адасатын секілді болады да тұрады. Соны естіп келгелі бері 31-1 күндері дастарханға ерекше дәм қоюға, ең ақыры бауырсақ пісіруге де қорқамыз. Болмайды, ол тойлағанға жатады екен.


31 желтоқсан күні жарықты да өшіріп, ұйқыға ерте жатып қаламыз. Әйтеуір ұрсып-айғайлап жүріп бәрімізді жатқызып тастайды. Тойламасақ та теледидар қарайық десек, ол күндері қосуға рұқсат етпей, желісін жинап алып тығып тастайды. Мерекелік бағдарлама, концерт те көруге болмайды бізге.


Мен түсінер едім, егер дін жолына түскен, тақуа адамдар болса. Жоқ, екеуі кейде «тамақасты» деп ішімдік ішіп алатыны бар. Намаз, Құран оқудан мүлде хабарлары жоқ. Оған қарағанда 9-7 сынып оқитын ұлдарым сүрелерді жаттап алған. Әлемнің түйіні осы бір Жаңа жылға жабысып қалғандай, не өштері бар екенін түсіне алмай келемін.

Басқа мерекені де қарық қып тойлап жатсақ мейлі екен, Наурыз мейрамымызды да ерекше етіп жатқан ештеңесі жоқ. Тек сол күні тал егеді балаларымен, соған шүкірлік етемін.


Иә, Жаңа жыл мерекесінің қайдан бастау алғанын білеміз ғой. Бірақ ол әлемдік жәй ғана мереке болып кеткен жоқ па? Әлем болып жыл ауысатын белгілі бір уақыт емес пе? Неге соншалықты жек көруге болады?


Онсыз да үйімізде мереке аз, туған күн де тойланбайды. Ораза айт мерекесінде детойлап жатқан дәнеңеміз жоқ. Атам сияқты күйеуім де бара-бара тойға, жиынға бармайтын болып келе жатыр. Көпшілік ортаға барса оны біреу алып қалатын сияқты, ат-тонын ала қашады. Амал жоқ, бір өзім немесе балаларымның бірін ертіп барамын. Барған соң отырғызса мейлі ғой, «қайт тез» деп тағы шығады.

Мұндай мінезге қалай тосқауыл болып, ойын қалай өзгертуге болады? Отбасымен жарқырап күліп отыратындарды көргенде қатты қызығамын да, күйеуіме қарасам көңілім құлазиды. Тек менің ғана емес, балаларының да...


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Ағамның ажырасып кеткен әйеліне үйленгім келеді»: алматылық азамат экс-жеңгесіне ұсыныс жасағанын айтты


«Әйеліме қарауға қорқамын»: ақтаулық азамат әйелінің түрінен шошынып жүргенін айтты