«Қайнағамды жек көремін»: жамбылдық келіншек әрең шыдап жүргенін айтты

0
13 070

​Қайнағаларға ой салатын оқиға.


«Қайнағамды жек көремін»: жамбылдық келіншек әрең шыдап жүргенін айтты

Фото: bestofme.in

Келін қайнағаны құрметтеуі керек. Иә, ол қандай адам болса да, сыйлау міндет. Бірақ қайнағасын жек көретіндер де бар екен. Қандай қайнаға өз сыйын жоғалтады?



Жамбылдық Алтыншаш есімді келіншек қайнағаларға ой салатын оқиғасын ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді:

«Менің тұрмысқа шыққаныма бір жарым жыл болды. Жақында қыз босандым. Күйеуім өте жақсы адам, екеуміз бір-бірімізді сүйеміз. Бірақ күйеуім дәл қазір жанымда емес. Ол отбасымызды асырау үшін вахталық жұмысқа кеткен. Әрине, еркек – түздің адамы, сондықтан оған қарсыласып, жаныңда алып жүр дей алмадым. Оның үстінде қызым әлі кішкентай және қарт енемді қараусыз тастап та кете алмаймын.

Енем де жақсы адам, маған ешқандай қиянаты өтпеген, тізесі батпаған. Барлығына түсіністікпен қарайтын, білмегенімді үйретіп, қателігім болса, барынша сабырмен жеткізуге тырысатын жан. «Сен келінсің», «сенің міндетің» деп қинамайтындығы үшін, «бұл келіннің міндеті» деп аяғын аспанға көтеріп, мені күтіп жатпайтындығы үшін құрметтеймін. Балама қарасып, кейде тіпті тамақты да өзім пісіре саламын, сен баланы емізе бер, бесікке бөлеп бер өзім қараймын деп отыратындығы үшін де жақсы көремін.

Егер қайнағам бізбен бірге тұрмағанда «Бақыттымын» деп айта алар едім. Күйеуімнің ағасы сияқты болмағаны үшін шүкір деп, қайнағамның барлық ауыртпалығын көтерем, бірақ кәрі енеме қиын-ақ. Енем ішіп келген үлкен ұлы маған жаман сөз айтып қоя ма деп алаңдап отырады.

Иә, қайнағам күнара ішеді. Ішкен адам белгілі емес пе, аузына келгенін айтады. Былапыт, боқтық сөзді борандатады. Алғашқыда қайнағам боқтық сөз айтқанда бірнеше рет төркініме кетіп қалғанмын. Қазір оған да құлағым үйренген.

Қайнағам үш рет ажырасқан адам. Енемнің зейнатақысы түгелімен немерелеріне алимент төлеуге кетеді. Әйтпесе зейнетақысы дәрі-дәрмегіне, тісін жөндетуге, жаңа көйлек алып, ауылдағы өзі қатарлы әйелдермен «гәп» ойнауға да жетер еді ғой. Қайнағамның кесірінен енем қазір ешқайда шықпайды, бармайды.

Түсінем, күйеуім 15 күн вахталық жұмыста болатындықтан енем маскүнем қайнағам мен мені жалғыз қадлырып кетуге қорқады. Тіпті мен де қорқам. Өйткені қайнағам қатты мас боп қалғанда көзі қызарып, маған қарап отырады.

Қайнаға секілді сыйы да қалмады мен үшін. Қатын-баласынан айырылып, қара шаңыраққа келіп тұрғаннан соң, бір жағынан жаным да ашиды. Бірақ ол жалғыз інісі мен қарт анасына жаны ашмыайды. Оларды ойласа, арағын қояр еді. Ал ол енемді уайымға сала береді. Енем байғұстың баласы үшін шыбын жаны шырқырайды.

Қайнағамды сол үшін жек көрем. Енемді алты айдың ішінде қартайтып, шашын ағартып жібергені үшін сыйламаймын. Тіпті жиіркенішті. Әрине, ішкен адам әр жерде домалайды, үсті-басы сасиды, жуынбайды да, таранбайды. Арағы болса басқа әлемді ұмытады.

Күйеуім вахтадан шаршап демалуға келеді. Бірақ қайнағам ішіп алып, аузы жабылмай сөйлей береді. Күйеуім үйден қашып кеткісі кеп әрең шыдайды. Күйеуім түгілі мен де зорға төзіп жүрмін. Тек қана күйеуім мен енемнің құрметі үшін оған ештеңе демеймін. Әйтпесе, оның қылықтарына әбден тойдым. Оның өмірбақи бізбен бірге тұратынын білем. Осыны ойлаасам жүйкем тозады...»


Алтыншаш тұрмысқа шығарда жігіттің осындай ағалары жоқ па, оған да қарау керек екен дейді. Сондай-ақ ол бауырлар бір-біріне кесірін тигізбей бөлек өмір сүрсе екен деп тілегін де айтты.



Ұқсас оқиғалар:


«Шешеме әпермеген алтынды енеме тақсам да жақпай жүрмін»: түркістандық келіншек ренішін айтты


«Алғашқы махаббатым тұрмысқа шықпай қартайды»: түркістандық азамат ағалардың қателігін айтты